Павлодарды металлургтер қаласы деп орынды атайды. Мұнда мамандардың бірнеше буынының еңбегі өңірдің өнеркәсібі мен экономикасын дамытудың негізіне айналды.
Металлургия – тек өндіріс қана емес, сонымен қатар еңбек жетістіктерінің, кәсіби шеберлік пен өз ісіне
адалдықтың тарихы.
Кітап көрмесі оқырмандарды Павлодардың металлургия
саласының тарихымен, оның кәсіпорындарымен,
көрнекті тұлғаларымен және металлургтердің қала мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесімен таныстырады. Көрме өз еңбегімен ел болашағының берік негізін қалап жүрген барша жанға арналған.
Металлург күні мерекесімен!