Павлодар филиалының тарихы

Павлодар облысы Қазақстан Республикасындағы өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған өңірлердің бірі болып саналады. Павлодар облысындағы өнеркәсіптің өркендеп дамуы және соған орай ғылыми-техникалық саладағы әдебиеттер мен құжаттарға ақпараттық сұраныстың артуы 1972 жылы облыстық ғылыми-техникалық кітапхананың (ОҒТК) ашылуына жеткілікті дәрежеде себеп болды, ол Қазақ ССР Мемлекеттік Жоспарлау мекемесіне қарасты Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға (РҒТК) тікелей бағынышты болды. Сөйтіп, Павлодар облысының оқырмандары Халықаралық Кітап жылында облыстағы тағы бір ірі кітапхана қызметіне ие болды.

Бұдан әрі Қазақстан Компартиясы Павлодар облыстық комитеті бюросының және облыстық атқару комитетінің 1975 жылғы 10 қарашадағы «Облыстық аумақтық патент қорын құру туралы» Қаулысына сәйкес ОҒТК құрылымында тиісті құрылымдық бөлімше ретінде құрылып, оның алдына қойылған міндеттерді іске асыруға кірісті. Тез өсіп келе жатқан патенттік құжаттама қоры оған бөлінген қосымша бөлмеде орналасқан еді. Облыстық партия комитетінің бастамасымен және Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің қолдауымен 1982 жылы Ермак қаласында облыстық ғылыми-техникалық кітапхананың филиалы құрылады.  Осы идея өзінің қолдаушыларын табады, сөйтіп 1982 жылы тамызда Ермак филиалының ресми ашылуы өткізіледі, ол 14 жыл бойы қызмет атқарды. Кітапхана жұмысы РҒТК ұсыныстарына сәйкес және ӨРБҰ (ВОИР), ҒТҰ, ОҒТА-ның қолдауымен жүргізіліп отырды.

ӨРБҰ (ВОИР) және ҒТҰ-мен бірге кітапхана маңызды бірталай іс-шаралар өткізді: конференциялар, өнертапқыштар мен  рационализаторлар күндері, облыс кәсіпорындарының мамандары арасында патенттік құжаттаманы үздік насихаттауға арналған байқаулар. ОҒТА ұйымымен бірлесіп облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарын АТТ (ИРИ) режимінде, “Сұрақ-жауап” режимінде, Ақпарат және маман күндерінде анықтамалық-ақпараттық құжаттармен қамтамасыз ету жүзеге асырылды. Кітапхана барлық партиялық-шаруашылық активтерге, облыстық және қалалық конференцияларға, слеттерге, көрмелерге белсене қатысып отырды.

Барлық жұмыстар анықтамалық-ақпараттық қор базасында жүргізілді, оның жинақталып, толықтырылып отыруына кітапхана ұйымдастырылған сәттен бастап айтарлықтай көңіл бөлінді. Сөреге бірінші болып КСРО  МКҒТК (ГПНТБ), КСРО Ғылым Академиясы, алюминий және трактор зауыттарының басылымдары қойылды. Одан әрі қарай әдебиеттер мен құжаттамалар облыстық бибколлектордан, Павлодар қаласының кітап дүкендерінен, РҒТК, ҚазмемҒТА институтынан және басқа да көздерден түсе бастады. Бір жылдан кейін бұл кітаптардың, журналдардың, техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлерінің, ғылыми-техникалық ақпарат ұйымдары басылымдарының отыз мың көлемдегі жинағын құрады.

1996 жылдан бастап – технологиялық процестерді компьютерлендіруге бағытталған  жаңа кезең басталды. Автоматтандырылған режимде барлық келіп түскен ақпараттарды арнайы базаға енгізе бастады, деректер базасын құра бастады, каталогтық карточкаларды, кітап және оқырман формулярларын басып шығара бастады, мамандар үшін жаңа басылымдар тізімін жасай бастады, тақырыптық анықтамалар мен таңдауларды орындай бастады, мамандардың жұмыс орнына құжаттарды электронды жолмен жеткізу пайдаланыла бастады, қорды цифрландыру және штрих-кодтау жүргізілді, оқырмандарға қызмет көрсетудегі барлық процестерді автоматтандыру жүзеге асырылды, веб-сайт құрылды.  Жұмысты тек нақтылы пайдаланушы ғана емес, сонымен қатар виртуалды пайдаланушыға бағыттау аймақтағы кітапханалық-ақпараттық қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Уақыт біздің қызметімізге өз түзетулерін енгізді. Бүгінгі таңда кітапхана маңызды ақпаратты тарату саласындағы жұмыстың жаңа нәтижелі нысандары мен әдістерін үнемі іздестіруде, өзінің ақпараттық-ресурстық базасын жетілдіруде, сонымен бірге кітапхана өз тәжірибесін аймақтың нақты жағдайымен тығыз байланыстыруда. Нақтылы өндіріс мамандарының, ғылыми қызметкерлердің қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, қазіргі уақытта қор дәстүрлі және электронды тасымалдағыштарда жинақталады.