Кітапханаға қалай жазылуға болады

Жазылу автоматты түрде, пластикалық оқырман билетін беруді қамти отырып жүзеге асырылады.

Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың Павлодар филиалының оқырманы болу үшін, жеке бас куәлігін немесе студенттік билетті ұсыну керек және кітапхананы пайдалану ережесімен танысу қажет.

Құжаттарды абонемент арқылы алу үшін қосымша мыналарды ұсыну қажет:

  • жұмыс орнынан фирмалық бланкіге басылған қызмет жайлы анықтаманы.

Оқырман билетін беру және мерзімін ұзарту сырттай жүргізілмейді. Пайдаланушы кітапханаға оқырман билетіне және формулярға енгізілуі тиісті барлық өзгерістер (ТАӘ, тұрғылықты мекенжайы, телефоны мен жұмыс орны) жайында хабардар етуі тиіс.

Оқырман билеті Кітапхана қорын тек жеке пайдалануға құқық береді, басқа тұлғаға  пайдалануға беруге болмайды.

Пайдаланушылар кітапханаға онлайн жазыла алады. Оқырман билетіне шалғайдан «Электрондық каталог» тарауында   алдын ала тапсырыс беріп қоюға болады 

РҒТК ПФ сайтында тіркелу кітапханаға жазылудың бастапқы баспалдағы болып табылады және ол оқырман билетін алуға мүмкіндік бермейді. Тіркелу формасын толтырғаннан кейін және Сіздің жеке мәліметтеріңізді тексергеннен кейін Сіз аталған электрондық почтаның адресі бойынша жекешелендірілген нөмірге ие боласыз,  сонда ол сіздің әрмен қарай пластикалық оқырман билетін алуыңызға мүмкіндік береді.

Пластикалық оқырман билетін алу үшін Сізге тікелей кітапханаға келіп, жеке бас куәлігіңізді, жұмыс орнынан алған анықтаманы ұсыну керек және тіркелу барысында сауалнаманы толтыру қажет.

Билетті алғаннан кейін, Сіз кітапхананың барлық қызметтерін пайдалана аласыз.

Кітапхананы пайдаланушылар сондай-ақ бір жолғы пайдалануға арналған суреті басылмаған оқырман билетін алуына мүмкіндігі бар, ол каталогтар жүйесі бойынша, оқу залдарында және электрондық ресурстар залдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Кітапхананың оқу залын және электрондық ресурстар залын пайдалану Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, сонымен қатар басқа мемлекеттердің азаматтарына да жалпы негізде  пайдалануға құқық беріледі.

 Сізге әрдайым көмектесуге дайынбыз!