Павлодар филиалында ғылым онкүндігі үлкен көрмемен ашылды

Павлодар филиалында «Болашақ ғылымы мен технологиялары» атты әдебиеттер мен құжаттардың ауқымды көрме-көрінісімен Ғылым онкүндігі ашылды.

Көрмеде қазақстандық ғалымдардың еңбектері ұсынылған. Жеке бөлім тұңғыш академик Қ. И. Сәтбаевқа арналған. Экспозицияда нанотехнологиялар мен цифрлық шешімдерден бастап энергетика, көлік, робототехника және ғарышқа дейінгі түрлі тақырыптағы кітаптар мен құжаттар қойылған. Бұл басылымдардың барлығы заманауи ғылыми жетістіктердің қолайлы, қауіпсіз және экологиялық таза ортаны құруға қалай ықпал ететінін көрсетеді.

Іс-шараға Margulan University магистранты К. Борщевская қатысып, ғылыми-танымдық ойын өткізді. Көрменің негізгі идеясы — ғылым мен технологияның дамуы адамзат болашағын қалыптастыратынын және қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын пайымдау.

Көрмені «Ақпараттық технологиялар колледжінің» студенттері тамашалады. Көрме-көрініс 2026 жылдың 8–10 сәуір аралығында жұмыс істейді. Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!