Павлодар филиалында Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні аясында Margulan University Жаратылыстану жоғары мектебінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Наталья Евгеньевна Тарасовскаямен кездесу өтті.
Кездесу мейманы кітапханамызға жақсы таныс: Наталья Евгеньевна 20 жылдан астам уақыт бойы біздің тұрақты оқырманымыз болып келеді.
Шара барысында Margulan University магистранттары мен №16 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары ғалымның ғылыми қызметі мен кәсіби жолы туралы кеңінен мағлұмат алды. Наталья Евгеньевна — 20-дан астам оқу құралы мен 70-тен астам ғылыми жұмыстың авторы (еңбектеріне 192-ден астам дәйексөз келтірілген), сондай-ақ 200-ден астам патенттің иегері.
Кездесу жылы әрі мазмұнды ахуалда өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

