21 қыркүйекте «РҒТК» КЕАҚ Павлодар филиалында ИнЕУ колледжінің «Стандарттау, метрология» мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенттеріне арналған танымдық экскурсия өтті.
🔎 Студенттер кітапхананың қоры мен мүмкіндіктері туралы көбірек білді, нормативтік құжаттаманың түрлерімен танысты және қажетті кәсіби ақпаратты қайдан және қалай іздеу керектігін үйренді.
💻 Ақпараттық дерекқорлармен практикалық жұмыс ерекше қызығушылық тудырды – студенттер қажетті құжаттар мен ресурстарды өз бетінше іздеп көрді.
📖 Кітапхана – тек кітаптар ғана емес! Бұл ақпарат іздеуге, оқуға, кәсіби дамуға және жаңа білім алуға арналған заманауи кеңістік.
Студенттерге оқуда және болашақ кәсіби қызметінде табыс тілейміз! 🌟