📏 14 қазан — Дүниежүзілік стандарттау күні!
«РҒТК» КЕАҚ Павлодар филиалы стандарттардың сапаны, қауіпсіздікті және дамуды қамтамасыз етудегі рөліне арналған «Стандарт күні» тақырыбындағы іс-шара өткізді.
📅 Ашылу күні: 14 қазан 2026 жыл
🕒 Іс-шараның басталуы: сағат 15:00-де
📚 Көрме 14–16 қазан аралығында (16 қазанды қоса алғанда) өтеді.
Бағдарламада:
🔹 «Стандарттар — сапа, қауіпсіздік және дамудың ортақ тілі» презентациясы — стандарттаудың өнеркәсіптегі, ғылымдағы, өндірістегі және күнделікті өмірдегі маңызы туралы.
🔹 «Жарқын болашаққа арналған стандарттар» көрмесі — стандарттау саласындағы нормативтік құжаттармен және ақпараттық ресурстармен танысу.
Стандарттар өнімдер мен қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге, қауіпсіздікті арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және тұрақты дамудың негізін қалыптастыруға көмектеседі.
✨ Бүгінгі стандарттар — ертеңгі сапаға сенімділік!
Стандарттау, метрология, сапа және техникалық реттеу мәселелеріне қызығушылық танытатын баршаңызды шақырамыз!
