🥗 «ПРАКТИКАЛЫҚ ДИЕТОЛОГИЯ» — емдік тамақтануды ұйымдастыру бойынша пайдалы нұсқаулық
«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Павлодар филиалы оқырмандарға «Практикалық диетология» кітабын ұсынады.
📖 Авторлары: А. Қ. Жангабылов, Н. Т. Джайнакбаев, М. Т. Сейдуманов.
📍 Алматы, 2023 жыл. 2-ші қайта өңделген және толықтырылған басылым, 576 бет.
🍏 Кітаптан нелерді табасыз?
✅ Емдік тамақтанудың негізгі ережелері мен қағидаттары.
✅ Стандартты емдік диеталардың сипаттамасы және оларды қолдану бойынша ұсынымдар.
✅ Диеталық тағамдардың 600-ден астам технологиялық карта-кестелері.
✅ Көкөніс, ет, балық тағамдарының, сорпалардың, гарнирлердің, десерттер мен сусындардың рецептуралары.
✅ Емдік тамақтанудың түрлі нұсқаларына арналған жеті күндік үлгі мәзірлер.
✅ Азық-түлік пен дайын тағамдардың тағамдық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер.
📌 Кітап кімдерге пайдалы?
Басылым диетолог дәрігерлерге, терапевтерге, медицина қызметкерлеріне, емдік және қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру мамандарына, бейінді мамандықтардың оқытушылары мен студенттеріне арналған.
💡 Басылымның ерекшелігі: диетологияның теориялық негіздері практикалық ұсынымдармен, рецептуралармен және дайын мәзір нұсқаларымен ұштастырылған.
📚 РҒТК КЕАҚ Павлодар филиалы оқырмандарды басылыммен танысуға шақырады!


